Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданында таза энергия үлесін ұлғайту үшін қуаты 4,8 МВт болатын «Жетісай КЭС» күн электр станциясы пайдалануға берілді.
Электр станциясының меншік иесі – жобаны өз қаражаты есебінен іске асырған "Компания Adi" ЖШС.
Электр станциясын салу кезінде белгіленген бұрышы бар таңертең-кешке бір осьті трекер жүйесін қолдана отырып, жеке қуаты 375 Вт бифункционалды екі жақты панельдер пайдаланылды. Трекер жүйесін пайдалану электр станциясының өндірісін 30% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді – делінген ҚР ЭМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Құрылыс ауданы 10,7 га бұрынғы қоқыс полигонының аумағында жүзеге асырылды. Құрылыстың белсенді кезеңінің басталуы – 2019 жылдың тамыз айы. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 42 адам жұмылдырылды, қазіргі уақытта станцияға 14 адамнан тұратын персонал қызмет көрсетеді.
Жоба "жасыл" экономика саясатына сәйкес келеді және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына ықпал етеді. Атмосфераға СО2 шығарындыларын азайту жылына 6048 т құрайтын болады. Жобаны іске асыру барысында қосымша жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, электр энергиясы көзінің таусылмайтынын және қол жетімділігін атап өткен жөн. Бұл жобаның өтелу мерзімі 7 жылды құрайды.
Желіге жоспарлы жыл сайынғы электр энергиясын беру – 7 219 000 кВт. Электр энергиясы 81 күн модулінен 158 жылжымалы "үстелге" бөлінген 12 798 күн панелімен генерацияланады. Тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіру үшін электр станциясында блоктық-модульдік қондырғыға біріктірілген, әрқайсысының жеке қуаты 1 250 КВт 4 инвертор қарастырылған.