Түркістан облысындағы Жетісай ауданында орын тепкен Б.Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды.
Сондай-ақ олардың 30-ы Алтын белгіге, 21-і үздік аттестатқа ие болды.
Айта кетейік, мектеп-гимназияның орташа балы 105% құраған. Сондай-ақ, аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегерлері шыққан.