Жетім балаларды баспана алу үшін есепке қою мерзімін 3 айға дейін қысқарту ұсынылды

14 Сәуір 2022, 10:35
1821
Бөлісу:
Жетім балаларды баспана алу үшін есепке қою мерзімін 3 айға дейін қысқарту ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатыр.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен заң жобасын дайындаған кезде балаларды қорғау саласындағы, халықаралық стандарттар, дамыған мемлекеттердің халықаралық тәжірибесі де ескерілгенін атап өтті. 

Жобада 2 Кодекске және 10 Заңға өзгерістер балалар құқығын мемлекеттік қорғаудың шараларына қатысты қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесін нығайтуды қарастырып отыр, - деп айтты сенатор.

Ләззат Сүлеймен заң жобасының негізгі қағидаларымен толығырақ тоқталды: 

 «Неке және отбасы туралы» Кодекс.

Егер кәмелетке толмаған балаға туысы, өгей әкесі, шешесі тұлғасында дереу қамқоршы тағайындау қажет болса, тиісті органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қамқоршылықты белгілеуге құқылы болады. Қазіргі заңнама бойынша баланы алу үшін 1 жыл психологиялық дайындықтан өту керек, - деп түсіндірді ол.

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын тек астанада, облыстарда, қалалаларда ғана емес, аудан орталықтарында, қолданыстағы ауруханалар мен емханалардың базасында құру бойынша жергілікті атқарушы органдарының құзыреттілігі бекітіледі, - дейді Сенат депутаты.

Бұл норма ауылдық, аудандық елді мекендегі ерекше қажеттілігі бар балалар үшін тұрақты оңалту қызметтерін қолжетімді етпек. Үнемі медициналық процедураларға мұқтаж балаларды толыққанды қамтуға жол ашады.

Сонымен қатар «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін есепке қоюдың мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту бойынша түзетулер енгізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы