Жеті жасар баланың 526 артық тісі жұлынды

1 Тамыз 2019, 18:42
2266
Бөлісу:
Жеті жасар баланың 526 артық тісі жұлынды
PHOTO VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Үндістанның Ченнай қаласындағы стоматология институтының мамандары жеті жасар баланың 526 тісін жұлды, деп жазды The New Indian Express басылымы.

Сыртқы келбетіне қарап баланың аузында жүздеген тіс бар деп ешкім ойламаған. Алайда, жағының оң жақ тұсында ісік пайда болған баланы ата-анасы емханаға апарып тексерткен. Рентгенге түсіріп, компьютерлік томографиядан өткізгенде баланың аузында көптеген қалдық тістер бары анықталған.

2373651.jpg

«Біз компьютерлік томографиядан өткізгенде отаның сәтті өтетініне күмәндандық. Кейін күшімізді жинап, тәуекелге бел будық», - дейді баланың әкесі.

2(1).jpeg

Баланың аузындағы артық тістерді жұлу бір жарым сағатқа созылған. Жұлынған барлық сүйек өскіндері 200 граммды құраған. Енді баланың тек 21 тісі бар, бұл оның жасына қалыпты көрінеді.


Өзгелердің жаңалығы