"Қазақстанда заң жоқ". Жертөлені паналаған 5 балалы жалғызбасты анаға көмек керек

25 Ақпан 2020, 13:12
2690
Бөлісу:
"Қазақстанда заң жоқ". Жертөлені паналаған 5 балалы жалғызбасты анаға көмек керек
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр құрылыста жұмыс істеп жүрген күйеуі 3-қабаттан құлап қайтыс болған Ұлжалғас Таңатарова 5 баласымен жертөлені паналап отыр. Кезінде вагонда 4 жыл тұрған. Көпқабатты үйден пәтер жалдауға барса, балаларымен кіргізбейді. Әр есікті қағудан амалы таусылған жас ана 5 баласы үшін бір бөлмелі үй тілейді. 

Бүгінгі кейіпкеріміз енесі мен келіні. Жылғыз ұлының орнын басқан келіні мен артынан тұяқ болып қалған бес баланың әжесі Жайдаркүл Мұсақұлова ұлының "жұмбақ өліміне" байланысты қанша жерге барғанмен, жазған арыздары жауапсыз қалған. 


Таңертең жұмысқа кеткен балам оралмады. 3-қабаттан бетонмен құлаған дейді. Хабарын айтып кешкі 9-да келді. Жерлеуіне 300 мың теңге берді. Жалғыз ұлымнан айырылып, есеңгіреп қалдым... "Нұр Отанға", Ішкі істер министрлігіне арыз жазып бардым. Тергеушілерге, Бас прокуратураға бардым. Ешқандай нәтиже болмады... Арқасында 5 баласы қалып отыр, - деп зар жылаған Жайдаркүл Мұсақұлова бес немересінің денсаулығын уайымдайды. 

image-24-02-20-01-40.jpeg

Себебі жертөледе тұрып жатқан балалардың жөтелі тоқтар емес. Жиі ауырып, дәріні көп ішеді. Сыйластығы жарасқан келін мен ене 5 баланың жылы үйде өскенін армандайды.

image-24-02-20-01-40-2.jpeg


Өзгелердің жаңалығы