Жерорта теңізінде ұшақ тасығыш сауда кемесімен соқтығысты

14 Ақпан 2025, 03:29
410
Бөлісу:
Жерорта теңізінде ұшақ тасығыш сауда кемесімен соқтығысты
Фото: pixabay.com

Жерорта теңізінде атомдық USS Harry S Truman ұшақ тасығышы Besiktas-M сауда кемесіне соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің алтыншы флоты мәлімдеді.

Оқиға Мысыр еліндегі Порт-Саида маңында болған. Әскери-теңіз күштері ұшақ тасығыштың қозғалтқыш қондырғыларына зақым келмегенін айтты.

MarineTraffic сервисінің деректеріне сүйенсек, Besiktas-M кемесінде Панаманың туын көтеріп жүзген. Ол Порт-Саидтан шығып, Румынияның Констанца қаласына бағыт алды.

АҚШ-тың әскери қолбасшылығы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Өзгелердің жаңалығы