Қазақстандықтар мамырда үш мерекені атап өтеді. Соның арқасында бірнеше күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚР мерекелері туралы" заңның 3-бабына сәйкес, мамырда қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні.
Осылайша жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады:
- бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2-3 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс;
- алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс, 12 мамыр – демалыс.