Жерлестеріміз дәрігердің қабылдауында болғанын мобильді қосымша арқылы растайтын болады

24 Шілде 2024, 12:42
521
Бөлісу:
Жерлестеріміз дәрігердің қабылдауында болғанын мобильді қосымша арқылы растайтын болады
PHOTO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы уақытта қазақстандықтардың мобильді қосымшаларында көрсетілмеген медициналық қызметтерді қосып жазу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Аталған жағдай экономикалық залалдан бөлек, қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелері мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жеткіліксіз болып отыр.

Осыған байланысты министрлік медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеп бастады.

Жерлестеріміз дәрігердің қабылдауында болғанын мобильді қосымша арқылы растайтын болады

 Олар:

  • Пациенттің мобилдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.
  • FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.
  • QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.

Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін ұсынылған тетіктерді бағалау жүргізіледі, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл шараларды енгізу қосып жазудың санын едәуір азайтуға және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және оларды көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы