Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Талдау көрсеткендей, мал шаруашылығын жедел дамыту мен оның өнімділігін арттырудың басты тежеуші факторы жемшөп базасының жеткіліксіздігінен. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі таңда ірі азықпен қамтамасыз ету 80% – ды, шырынды азықпен – 40% - ды, құнарлы азықпен қамтамасыз ету-50% - ды құрап отыр, дегенмен, тұрақты даму үшін мал шаруашылығы, толық қамтамасыз етумен қатар, азықтың сақтандыру қоры да болу тиіс екені баршаға мәлім. Бұдан басқа, жайылымдық жерлердің өнімділігін жақсарту бойынша тиісті жұмыстарсыз, оларды қарқынды пайдалану салдарынан проблемалар бар, -деді министр.
Оның айтуынша, азық базасының проблемасын шешу мақсатында былтыр Министрлік жемшөп өндірісі саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі.
Алайда, жергілікті жерлерде онда көрсетілген іс-шараларды іске асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жоқ. Мал шаруашылығын жемшөп базасын есепке алмай дамыту процесі жалғасуда, -деді Ербол Қарашөкеев.