Жерге ұқсас планета табылды

27 Шілде 2023, 14:20
4403
Бөлісу:
Жерге ұқсас планета табылды
Фото: pixabay.com

Ғарыштық телескоп жерге ұқсас планетаны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Unilad сайтына сілтеме жасап.

Ол ғаламшарда адамдар жердегідей өмір сүре алуы мүмкін. «Wolf 1069 b» алтыншы экзопланета. Яғни, басқа жұлдыз айналасында орналасқан Күн жүйесінің сыртындағы ғаламшар.

Ғалымдар «Wolf 1069 b»  экзопланетада адамдардың тұруына бірнеше негіз болуы мүмкін екенін айтады.  Алайда атмосфера қабатының неден тұратынын анықтаған жоқ. Судың болу ықтималдығы планетаның бір кездері өмір сүруге жарамды болғанын көрсетеді. 

«Wolf 1069 b» жерге қарағанда Күнге жақын. Ол өз орбитасын бар болғаны 15 күнде айналып шығады. Ғаламшар «CARMENES» деп аталатын экзопланеталарды зерттеу кезінде табылды. Жоба кеңістікте жұлдыздыздарды бақылайды.

Өзгелердің жаңалығы