Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзі халқының саны биыл 8 миллиардқа дейін жетеді. Ал 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш 8,5 млрд аспақ.
Бұл БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментінің мәліметі.
Мамандардың айтуынша жер бетінде өлім-жітімнің деңгейі қысқарды. Егер пандемияға дейін әлем жұртының орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жас болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 77 жасқа жетеді.
Ал демографиясы қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында Үндістан, Мысыр, Пәкістан, Конго, Эфиопия, Нигерия, Филиппин мен Танзания бар. Керісінше экономикалық әл-ауқаты жоғары мемлекеттерде туу көрсеткіші азайып барады.