Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жерде жатқан ақшаны көтерген бала саусақтарынан айырылды

13 Қараша 2025, 14:45
1008
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Ресейде 10 жастағы бала жерде жатқан оралған ақшаны көтергенде жарылыс болып, бірнеше саусағынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Readovka-ға сілтеме жасап.

Оқиға болар кезде бала кикбоксинг жаттығуларына бара жатқан. Жолда жерде жатқан оралған ақшаны байқап, оны көтерген сәтте жарылыс болған. Салдарынан оның оң қолының бірнеше саусағы жұлынып кеткен.

Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілген.

Тергеу комитеті кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Белгілі болғандай, жарылғыш зат 10 рубльдік купюра салынған сыйлық орамының ішіне жасырылған.

Құқық қорғау органдары оқиға орнын тексеріп, кешенді сот сараптамаларын тағайындады.

Өзгелердің жаңалығы