Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жерде магниттік дауыл басталды

9 Қараша 2025, 09:15
354
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жерде G2.3 деңгейіне жеткен магниттік дауыл тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ресей Ғылым академиясына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мамандарының мәліметінше, магниттік дауыл Мәскеу уақытымен түнгі үш шамасында басталған. Дауылға 5 және 6 қарашада болған Күн жарқылы себеп болған.

Ғаламшарды плазмалық бұлттардың шеті ғана шарпыды. Негізгі бөлігі, болжанғандай, Жерді айналып өткен сияқты, – деп түсіндірді зертхана мамандары.

6–8 қараша аралығында соңғы бір айдағы ең күшті геомагниттік ауытқулар байқалған. XRAS мамандары Күн белсенділігі әлі де жоғары екенін ескертіп, алдағы күндері жаңа магниттік дауылдар болу ықтималдығы сақталып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы