Жерде бір айдың ішінде үшінші магниттік дауыл тіркелді

Ғалымдар қазан айында үшінші рет магниттік дауылдың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

 pixabay.com 19 Қазан 2025 2025, 21:29
19 Қазан 2025 2025, 21:29
747
Фото: pixabay.com

Ғалымдар қазан айында үшінші рет магниттік дауылдың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясының Ғарыш зерттеулері институтының Күн астрономиясы зертханасы таратқан мәліметке сүйенсек, Жер Күннің тәждік ойығынан шыққан плазма ағынына енген, бұл өз кезегінде геомагниттік ауытқуларға себеп болған.

Мамандардың айтуынша, бұл жолғы дауыл әлсіз сипатта болып, 20 қазанға дейін жалғасады. Осыдан кейін ғарыштық ауа райы шамамен бір апта бойы тұрақталады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін магниттік дауылдар 1–3 қазан және 12 қазан күндері тіркелген еді. Сарапшылар мұндай құбылыстарды Күн белсенділігінің артуымен және күн желінің күшеюімен байланыстырады.

Наверх