Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жерде әлсіз магниттік дауыл басталды

13 Қазан 2025, 04:27
375
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Бүгін Жерде ғалымдар болжаған әлсіз магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресейдің Қолданбалы геофизика институты (ИПГ ФМБУ) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Жердің магнит өрісінің бұзылу деңгейі G1 дәрежесінде тұр. Бұл – бес балдық шкала бойынша ең төменгі көрсеткіш. Еске салайық, G5 деңгейі – «өте күшті» дауыл болып есептеледі.

Бұған дейін Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачев ағымдағы күн цикліндегі ең ұзақ магниттік дауылдардың бірі енді ғана аяқталғанын хабарлаған еді.

Магниттік дауылдар кезінде адамдардың хал-жағдайы нашарлауы мүмкін. Терапевт және кардиолог Ольга Мининаның айтуынша, мұндай уақытта әлсіздік, ашуланшақтық, ұйқышылдық, бас ауруы мен жүрек соғысының бұзылуы байқалады.

Дәрігердің кеңесі бойынша, магниттік белсенділік кезеңінде артық жұмыс істемеу, көбірек демалу және күйзелістен аулақ болу – ең дұрыс шешім.

Өзгелердің жаңалығы