Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Әділ Қожықов «AntikorLive» жобасында айтты.
Біз соңғы кезде Ақтөбе облысында пилоттық режимде жер учаскелерін сатып алу мен жалға алуды жүзеге асырып жатырмыз. Қазір бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры әзірленіп жатыр. Оның аясында жерге қатысты барлық қызмет бір порталға топтастырылады. Цифрландыру аясында осындай жұмыс атқарылып жатыр, - деді ол.
Қожықов атап өткендей, азаматтарды кезеңдер бойынша ақпараттандыру жүзеге асырылып жатыр.
«Азаматтарға арналған үкімет» қызметін қолданатын адамдар саны артып отыр. Оның бір себебіне пандемияны жатқызуға болады. Тұрғындар онлайн қызметті сол кезден бастап белсенді ала бастады. Фронт-кеңсеге күніне келетіндер саны ел бойынша 70 мыңды құрайды, - деді Қожықов.