Жер сілкінісінен 2 адам қайтыс болды

28 Ақпан 2023, 17:05
821
Бөлісу:
Жер сілкінісінен 2 адам қайтыс болды
Фото: Егемен Қазақстан

Малатия провинциясының Ешилюрт аймағындағы жер сілкінісінен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше Түркияның Малатия провинциясының Ешилюрт аймағында 5,6 балдық жер сілкінісінен екі адам қайтыс болып, 140-ы жараланды,

Түркия үкіметі жанындағы Апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша қирандылардың астынан 32 адам құтқарылған.

Зардап шеккен 140 адамның 12-сі ауыр жағдайда жатыр.

Құлаған 31 ғимараттың  7 аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Іздестіру-құтқару операциясына 650 адам жұмылдырылды.

Кеше Түркияның Малатия провинциясында магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Бүгін Түркияның Малатия провинциясында магнитудасы 4,1 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:18-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Ешилюрт аймағында орналасқан. 

Өзгелердің жаңалығы