Сейсмология институтының баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін Сейсмология институтында Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевпен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев қонақтарды сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы институттың ғылыми қызметімен таныстырды.
Кездесу барысында республикамыздың сейсмологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі бейінді сейсмологиялық ұйымды бірыңғай негізде біріктіруге қатысты мәселелер талқыланды. Бірігу екі мамандандырылған сейсмологиялық ұйымдардың ортақ мүдделерін өзара үйлестіруге мүмкіндік береді, олар ғылыми және эксперименттік міндеттер ретінде біртұтас ұстанымда шешеді. Сонымен бірге республикамыздың сейсмологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сейсмологиялық зерттеулер мүддесі үшін бірыңғай басшылық негізінде ғылыми бөлімшелер арасындағы нақты басқарылатын өзара тимді қызметтестікті білдіреді.
Институт «ХХІ ғасырдағы ҚР цифрлық сейсмологиясы» бағытында бірқатар бағдарлама дайындап жатыр. Мысалы, «Сандық ашық далада орналасқан сейсмикалық бақылау станциялары», «Республика аймақтары арасындағы цифрлық ерте ескерту жүйесі», «Сандық модельдеу және бейнелеу құралдары».
Жер сілкінісіне болжам жасау үшін заманауи сейсмологиялық құрал-жабдықтардың қажеттігі аса маңызды. Сондай-ақ институт өз тарапынан қаладағы қолданыстағы ғимараттар мен салынып жатқан құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін бағалау және паспорттау сарапшысы ретінде қатысуын заңмен реттеу керек. Өйткені сейсмикалық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда қала нысандарының жер сілкінісіне төзімді болуы тікелей институттың сейсмикалық қаупін анықтайтын зерттеулерге байланысты екені анық. Әрине, бұл мәселеде біз өз тарапымыздан маңызы мен пайдалы жағын барынша түсіндіруге тырысамыз. Сіздер ел үшін маңызды жұмыстар атқарып отырғандарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз ел арасында байқалмауы мүмкін, дегенмен де адам өмірін қатерден сақтауда үлес қосып келесіздер! – деп атап өтті депутат Азат Перуашев.