Жер сілкінісі: Жоғары қабатта қалып қойсаң не істеу керек?

23 Қаңтар 2024, 16:29
3233
Бөлісу:
Жер сілкінісі: Жоғары қабатта қалып қойсаң не істеу керек?
Фото: pixabay.com

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Жадыра Аманғалиқызы жер сілкінісі кезінде жоғары қабатта қалып қойған жағдайда не істеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол зілзала басталған уақытта адамда далаға шығу үшін 15-20 секунд қана уақыты болатынын айтады.  

Мұндай кезде әр адам мүкіндігіне қарап, жағдайға нақты баға беруі керек. Кеше Алматыдағы жағдайда халық қатты дүрбелеңге берілді. Бұл әр адамның өзіне жасаған кері іс-қимылы болып саналады. Салдарынан баспалдақта бірін-бірі таптап кете жаздады. Негізі жер сілкінісі кезінде баспалдақ та қауіпсіз бола алмайды. Сондықтан егер адам жоғары қабатта тұрса6 үйдің қауіпсіз жерін қарастырған жөн. Өйткені 20-30 секунд аралығында жоғары қабаттан ешкім төменге түсіп үлгермейді, - дейді Жадыра Аманғалиқызы.

Маманның айтуынша, үйдегі қауіпсіз жерді анықтап алу керек.

Қатты қабырға, үйдің жақсы салынған бұрышы мен есіктің жанына тұруға болады. Мәселен, былтыр Түркиядағы зілзалаға сараптама жүргізілген, оның нәтижесінде адамдар тоңазтқыштың жанында тұрғанда аман қалған. Әрине, жоғары қабатта тұратын азаматтар төтенше жағдайда сыртқа шығу керек екені ойында болуға тиіс, алайда шыға алмайтынын білсе үйдегі сенімді әрі қауіпсіз орынды білуі керек, - деді ТЖД өкілі.

Өзгелердің жаңалығы