Жер сілкінісі. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дайын

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері мен құралдарының дайындығы туралы ақпарат жария етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 4 Наурыз 2024 2024, 16:16
4 Наурыз 2024 2024, 16:16
766

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері мен құралдарының дайындығы туралы ақпарат жария етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес республика бойынша ТЖ туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес қызметкерлер мен құралдар дайын тұр.

Медициналық күштердің құрамы пневмокаркас модульдері базасында далалық медициналық госпитальмен жарақтандырылған АМО Алматы қаласы бойынша филиалының апаттар медицинасы отрядымен күшейтілді. Қазіргі таңда Төтенше жағдай орнында 26 адам және 8 техникадан құралған Апаттар медицинасы орталығының құрамы бар. Барлық жедел жәрдем бригадалары дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген, - делінген хабарламада.

Наверх