Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

25 Наурыз 2021, 10:25
3061
Бөлісу:
Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов комиссияның жұмысына тоқталды.

Халқымыз үшін жер - кәсіптің көзі. Сондықтан ол ерекше бағалы ұғым. «Жер – ырыстың кіндігі, еңбек – ырыстың қазығы, бірлік – ырыстың тізгіні» деп бабаларымыз тегін айтпаған деп ойлаймыз, - деді ол.

Еске сала кетсек, 2016 жылы ауылшаруашылық жерлерін қазақстандықтарға, жекеменшікке, шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға жалға беруге мораторий енгізілген.

25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сонымен қатар қандастарға беруге толықтай тыйым салу туралы саяси шешімін жариялады. Бұл бойынша заң жобасы 12 наурызда Парламентке енгізілді, - деп атап өтті Тоғжанов.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Жер заңнамаларын жетілдіру мақсатында Премьер-министрдің өкімімен Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына ауыл шаруашылығы саласындағы қауымдастықтар мен бірлестіктер өкілдері, агробизнестегі беделді азаматтар, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және басқа да азаматтар кіреді.

Оның сөзінше, комиссия 80 қадамнан тұрады. Оның 60 пайызы азаматтық қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар.

Бұған дейін Жер реформасы бойынша комиссияның құрамы бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы