Бүгін осы мәселеге қатысты заң жобасы Мәжілісте қаралды. Оны Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң жобасының өзге де нормалары ұлттық инновациялық жүйенің “бірыңғай терезе” арқылы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету рәсімдерінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Қолданыстағы “Ақпараттандыру туралы” заңда тиісті тұжырымдама қарастырылған.
Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі жер қойнауын пайдаланушылар мен инноваторларға Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жобаларын және стартаптарды қаржыландырудың басқа да бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. “Бірыңғай терезе” жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын бөлу мен игерудің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық ақпараттық жүйенің бірыңғай терезесі қазірдің өзінде astanahub.com ақпараттық жүйесі негізінде пилоттық режимде жұмыс істейді.