Астана, BAQ.KZ. Мемлекет қажеттілігі үшін тәркіленетін жер телімдеріне нарықтық баға төленетін болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2019 жылдың 21 қаңтарында Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңға сәйкес мемлекеттің қажеттілігі үшін тәркіленетін жер телімдері үшін оның негізгі қалыптасу құқығына қарамастан нарықтық баға төленетін болады. Атап өткендей, бүгінде жер телімінің құны азаматтық-құқықтық келісімде немесе сот үкімімен қарастырылған кадастрлық құны бойынша анықталады. Нәтижесінде бұл баға жер телімінің нарықтық бағасына сай келмейді.
Бұдан басқа, заңнамада жер телімі тәркіленген мүлік иесіне берілетін жер телімінің шығынына жергілікті әкімдіктер жауапты деп көрсетілген. Осылайша тәркіленіп отырған жер теліміне қатысты халықтың лайықты баға алуына барынша жағдай жасалып отыр.
Осы мақсатта Жер кодексі мен «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға лайықты түзетулер енгізілді.