Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар жексенбі, 24 наурыз күні Жер бетінде магниттік дауыл жүріп өтетінін ескертті. Бұл жөнінде Total.kz порталы хабарлады.
Ғалымдар академиясының физикалық институты Күннің рентген астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, магнитосфера сенбінің кешінен бастап күшіне енеді. Алайда, одан кейін дауыл екпіні біршама бәсең болады.Сондай-ақ, астрономдар 27-28 наурыз күндері де магниттік өріс біршама белсенді болатынын айтты.
Айта кету керек, осы жылғы наурыз айында күн белсенділігінің күші ерекше болды. 20-21 наурыз күндері жұлдыздағы жарқылдар қуаты 10 балдық шкала бойынша 4,8-ге жетті.
«Бұл процестерді 25-ші, жаңа күн кезеңінің басталуымен байланыстыруға қанша тырысқанымен, Күнді зерттеулер мұның қате пікір екенін көрсетіп отыр. Күнде алдыңғы кезеңдегі «отын» әлі де жанып жатыр», - деп жазылған хабарламада.