Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиынға Парламент және мәслихат депутаттары, Ауылшаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғалары, өңірдегі белсенді азаматтар, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
Ашық форматтағы жиын қызу пікірталасқа толы болды. Өңірде жайылымдық жерлерге байланысты қордаланған мәселе жетіп артылады. Жалпы Түркістан облысындағы жайылымдық жерлердің жалпы көлемі - 8 млн 864,7 мың гектар. Елдімекен тұрғындарының пайдалануындағы аумақ - 748 мың, кәсіпорындар мен шаруалардың пайдалануындағы жер - 3292,8 гектар, - деп жазды ол.
Орман қорымен ерекше қорғалатын аумақтағы жайылым - 2 млн 633,3 мың гектар.
Түркістан қаласы, Кентау, Мақтарал және Жетісай аудандарында жайылымдық жерлер мүлдем жоқ. Ал Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Келес, Бәйдібек және Сауран аудандарында ішінара жайылым тапшылығы бар өңірлер. 2022 жылдың аяғына дейін Түркістан облысындағы 400 мың гектар жер қайтарылуы қажет, әзірге дейін 70 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, оның 17 мыңы жайылымдық жерлер. Жалпы Президент тапсырмасына сәйкес пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген Түркістан облысындағы 1 миллионнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылу керек, - деп жазды депутат.
Сауран ауданындағы жайылымдық мақсатқа алынған 1000 гектар жер өзінің түпкілікті нысаналы мақсатына емес, карьерлік бағытқа пайдаланылып жатқанына қатысты мәселе қозғалды.
Жалпы Шорнақ маңында 60-тан аса карьер бар екен. Жиынға қатысқандар оның қоршаған ортаға көп зиянын тигізіп жатқанын алға тартты, - деді Жанарбек Әшімжан.