Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жеңістің 80 жылдығы: 7 мамырдағы әскери парад қалай өтеді

27 Сәуір 2025, 16:36
5790
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2025 жылдың 7 мамырына жоспарланған парадқа қатысты кейбір жоспарларды жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ең әсерлі сәті — оның әуе бөлігі болмақ.

Елдің бас алаңы үстінен ұшып өтетін 66 әуе техникасы дайындалып жатыр. Олардың қатарында майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының ұшақтары мен тікұшақтары бар. Қазір тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен әскери ұшқыштар ұшу кезіндегі барлық маңызды нюанстарды пысықтап жатыр. Мақсат — көрермендерді ұшудың үйлесімділігімен, әсемдігімен және техниканың қуатымен таңдандыру, — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы