Жеңіске жетсек, зейнет жасын 58-ге дейін түсіреміз – Асылбеков

6 Қазан 2022, 12:59
2735
Бөлісу:
Жеңіске жетсек, зейнет жасын 58-ге дейін түсіреміз – Асылбеков

Қазақстан Халық партиясының саяси бюро мүшесі Асхат Асылбеков партияның президент сайлауына кандидаттыққа Тоқаевты ұсыну себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

2022 жыл бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев біздің партияның айтқан ұсыныстарының барлығын орындады. Мысалы, сәуірде біздің депутаттар жер және жердің байлығы халықтікі болсын деген ұсынысты қолдап, ол маусымда референдум арқылы Ата заңға кірді. Тағы бірде біз әйелдерді 58 жаста зейнетке шықсын деген ұсынысты қолдап, Қазақстанның 14 қаласында митинг өткіздік. Тоқаев оны да естіп, қазір әйелдер 61 жасында зейнетке шығатынын айтты. Әрине, ол 58 жас емес. Егер көктемде жеңіске жетсек, зейнет жасын 58-ге дейін түсіреміз деп ойлаймын, - деді ол.

Сонымен қатар, Асхат Асылбеков шенеуніктер 80 мың киікті атамыз деп айтқанына саяси партиялар арасынан Қазақстан халық партиясы ғана қарсы шыққан жайтты да еске салды. Сол кезде де Тоқаев естіп, Экология министрлігіне тыйым салып, киіктерді атуды тоқтатқанын айтты.

Екі жыл бұрын Тоқаев Аружан Саин ұсынған «Арт спорт» бағдарламасын қолдаған болатын. Бірақ биыл қыстан Қазақстан бойынша әкімшіліктер бюджетте ақша жоқ деп бұл бастаманы тоқтатты. Біз оған қарсы шықтық, көшеге бір миллион адам шығарамыз деп айттық. Президент бұл назымызды да естіді. Демек, Тоқаев халықтың, біздің партияның не айтатынын естіп жүр. Біздің сөзіміз әділетті екенін түсініп, бізді қолдап жүр. Сол үшін біз де оны қолдаймыз, - деді бюро мүшесі.  

Өзгелердің жаңалығы