Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

8 Сәуір 2025, 17:18
1442
Бөлісу:
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Бүгін елордалық БАҚ өкілдері далалық оқу-жаттығу лагерінде болып, Жеңіс шеруіне дайындық қалай жүріп жатқанын көріп қайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 


Әскерилердің оқу-жаттығу лагерінде шеруге дайындық қызу жүріп жатыр. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Бұл баспасөз-турын Қорғаныс министрлігі ұйымдастырды. Ведомствоның мәліметінше, Жеңіс шеруі 7 мамыр күні өтеді. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Шеруді елордалықтар мен қала қонақтары Астананың бас алаңынан тамашалай алады.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Дәл қазір Астанада өтетін әскери парадқа 4000-нан астам әскери қызметші дайындалып жатыр.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Әскерилер еліміздің түкпір-түкпірінен елордаға 31 наурыз күні жиналған. Сөйтіп олар 1 сәуірден бастап дайындық жұмыстарын бастап кеткен.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаевтың айтуынша, бүгінде әскери бөлім алаңында шеруге дайындық жақсы деңгейде жүріп жатыр.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Шеру – ол еліміздің бас алаңында өтетін салтанатты шеру ғана емес, сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығының әскери ерлігін, халқымыздың батырлығын бейнелейтін дәстүр. Қазіргі таңда әскериге шеруге дайындық бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр. Биыл шеруге қатысуға 4000-нан астам әскери қызметші дайындалып жатыр. Олардың 200-ден астамы әйел. Шеруге 300-ден астам әскери техника мен авиация қатысады, - деді Мереке Көшекбаев.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Әскери полигонда күн сайын саптық жаттығулар, бөлімшелер арасындағы үйлесімділік пен қозғалыс дәлдігін пысықтау жалғасып жатыр. Бұл – тек техникалық шеберлік емес, сонымен қатар тәртіп пен рухтың көрінісі. Себебі Жеңіс шеруі – әскери қуатты ғана емес, елдің ерлігі мен тарихи жадының символы.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Журналистер сарбаздардың әр қадамын мұқият пысықтап жатқанын, танк пен әскери техникалардың парадтық қозғалысын, оркестрлердің музыкалық сүйемелдеуін көруге мүмкіндік алды. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Біз үшін шеруге қатысу – үлкен құрмет пен зор жауапкершілік. Бұл – тек форма мен техниканы дайындау емес, бұл – жеңімпаздардың рухын жеткізу, – дейді әскери қызметшілер.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Парад үш кезеңнен тұрады. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Біріншісі – Ұлы Отан соғысы жылдарын қоса алғанда, жаяу салтанатты есептоптардың өтуі. Ту топтары Тәуелсіздік алаңымен Жауынгерлік Қызыл Туды, Қазақстан аумағында құрылған дивизиялардың туларын алып өтеді. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Сонымен бірге қару асынған және соғыс жылдарындағы киім үлгісімен екі салтанатты есептоп жүріп өтеді.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Қазіргі бөлімде Қарулы күштердің үш түрі, Арнайы операциялар күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскерлері, әскери полиция, бітімгерлік бөлімшесі, әскери қызметші әйелдер қорабы, аумақтық қорғаныс және әскери оқу орындары ұсынылған 23 жаяу парадтық есептоптың өтуі жоспарланып отыр. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Салтанатты шараға Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері қатысады. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Әрбір салтанатты есептоп 156 әскери қызметшіден тұрады. Шеру соңында 300 музыканттан құралған біріккен әскери оркестрдің дефилесі өтеді. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Астанадағы әскери парадта жауынгерлік техника мен авиацияның заманауи үлгілері көрсетіледі Жеңістің мерейтойлық шеруі барысында Қазақстан әскерінің, Ұлттық ұланның, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің қарулануында тұрған заманауи техника көрсетіледі. 

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Олардың ішінде «Арлан», «Cobra» сауытты дөңгелекті машиналары, «Стрела-10», «ТОР» және «БУК» зениттік зымыран кешендері, БТР-82А, «Алмаз» және «Агат» мобильді кешендері, «TEODor» роботехникалық кешені, есептеу-талдау станциясы, «EVO» Max 4T», «Skylark» ұшқышсыз ұшу аппараттары және қару-жарақ пен әскери техниканың басқа да жоғары технологиялық үлгілері бар.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Әуе шеруіне Қарулы күштердің армиялық, майдандық және әскери-көліктік авиациясының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 60-тан астам ұшу аппараттары қатысады.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр

Мереке Көшекбаев елордадағы бас алаңда 3-5 мамыр күндері шеруге жалпы дайындық өтетінін айтты.

Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Жеңіс шеруіне әскерилер қалай дайындалып жатыр
Өзгелердің жаңалығы