Жеңіс Сейдуллаұлы: Қазақстан халқының бірлігі – тәуелсіз еліміздің басты жетістігі

<p> </p> <h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақконцерт» ұйымы Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады. </p> </h4> <p> </p>

 1 Мамыр 2021 2021, 19:12
1 Мамыр 2021 2021, 19:12
1478

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақконцерт» ұйымы Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады.

Көрермен назарына заманауи форматтағы «YNTYMAQ» күйіне түсірілген бейнебаян ұсынылды. Елімізде татулықта өмір сүріп жатқан өзге этнос өкілдері бейнероликте өз құттықтаулары мен лебіздерін жеткізді.

Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдуллаұлы мәлімдегендей, Қазақстан халқының бірлігі – Тәуелсіз еліміздің басты жетістігі.

Барша қазақстандықтарды бұл жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі ұсынған жаңа туындының басты ерекшелігі – бірлік тақырыбын қазақтың домбыра, қобыз, шаңқобыз, шертер, дауылпаз т.б. сынды ұлттық аспаптарының үнімен шебер ұштастырылған. Әуенге түсірілген арнайы мерекелік бейнеролик те көп ұлтты халықтың татулығын көрсетіп, Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін паш етті,- деп мәлімдеді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, мерекелік бейнеролик Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп түсірілді



Наверх