Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін, 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістікке абаттандыру жұмыстары қалай жүргізілетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорданың оң жағалауын көркейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл қаланың оң жағалауының өзінде 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олар: Сарыарқа, Байқоңыр және Алматы аудандары. Ал 50-ге жуық орында жұмыс аяқталды.Мәселен Ақбұлақ өзенінің жағалауы (Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) абаттандырылды. Ал көпірлердің астында Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін жалғайтын жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Сәтбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының (Мұңайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейін) бірінші бөлігін аштық, - деп жазады әкім.
Сондай-ақ ол, Есіл өзенінің жағасында Бейсеков көшесінен Көктал елді мекеніне қарай қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы жүріп жатқанында айтып өтті.
Жоба екі кезекке бөлінген. Бірінші кезекті шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Амфитеатр, спорт алаңдары, серуендеу орындары, ойын алаңқайлары және т.б. жабдықталады.
Сонымен қатар орталық жағалаудың тарихи көшелерін көркейтеміз. Олар: Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр, Ә.Мәмбетов көшелері. Бұл жұмыс жаңа қоғамдық кеңістіктерді осыған дейін құрылған кеңістіктермен жалғауға мүмкіндік береді: демалыс күндері «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшесі, «Театральный» бульвары, қалалық алаң және т.б. Осылайша қоғамдық кеңістіктердің тұтас кластері құрылады.Сол сияқты Ақан сері – Фахд бен Абдул Азиз (Агроқалашық елді мекені), Кенесары – Бейсекбаев, Кенесары – Егемен Қазақстан, Қордай – Н.Ахметбеков көшелерінің қиылысында, Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі жағалауда, К.Әзірбаев көшесі, 10, Храпатый көшесі және т.б. орындардағы қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды,- деп жазады әкім.
Бұдан бөлек Бөгенбай батыр даңғылында Ш.Айманов көшесінен Ш.Уәлихановқа дейінгі 10 ауланы қамтитын шаршы алаңды абаттандыру белсенді жүріп жатқанында айтты.
Сондай-ақ Құдайбердіұлы даңғылы, 5, 31, 36/3; Қошқарбаев даңғылы, 26, 39; Күйші Дина көшесі, 46/1, 46/3; Мүсірепов көшесі, 9 және т.б. бойынша жұмыс жүргізілуде.
Алматы ауданында барлығы 66 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, Байқоңыр ауданында – 32, Сарыарқа ауданында – 30. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.