Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысының тұрғындарымен және Ахмет Байтұрсынов атындағы университеттің студенттерімен кездесті,- деп хабарлайды парламент сенатының баспасөз қызметі.
Президенттің бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар кездесулердің басты тақырыбы болды. Депутат еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістер демократиялық жаңаруларға бастайтын маңызды саяси реформаларға алып келетінін атап өтті.
Еліміздің тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азамат ұсынылған реформалардың маңыздылығына баса назар аударып, референдумға қатысады және жаңа Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосады деп санаймын. Бұл түзетулерді қабылдау және одан әрі іске асыру еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттілігімізді нығайтатын болады, - деді Жеңіс Нұрғалиев.
Өңір тұрғындары өз кезегінде Конституцияға өзгерістер енгізуді жақтайтынын және Президент жүзеге асырып жатқан өзгерістер саясатын қолдай отырып ағымдағы жылғы 5 маусымдағы референдумға қатысатынын атап өтті.