Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртауды» қатаң сынға алды

26 Ақпан 2021, 21:38
1726
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртауды» қатаң сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 жұмысын бірнеше мемлекеттік орган тексереді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдай бойынша өткен кеңесте мәлім етті.

Белгілі болғандай, қалада үш қазандықта апаттық тоқтау орын алған. Осыған байланысты пәтерлердегі температура нормадан төмендеп кеткен.

Шынында да, кеше және бүгін Теміртауда жылуға қатысты жағдай қиын болды. Тұрғындарға шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз. «АрселорМиттал Теміртау» және ЖЭО басшылығы мұндай оқиғаға жол берді. Қалаға облыс прокуратурасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергобақылаудан тексеріс жіберіледі, - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.
Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртауды» қатаң сынға алды

Сондай-ақ облыс басшысы ЖЭО-да жаңа 7-қазандықтың құрылысын аяқтауды жеделдетуді қатаң талап етті.

Біз 7-қазандық жобасының аяқталуын талап етеміз. Жағдай көрсеткендей, мерзімді одан әрі созу мүмкін емес. Жоба басталып кетті. Карантинге байланысты «АрселорМиттал Теміртау» оны жүзеге асыруды кешіктірудің әртүрлі себептерін айтты. Әрі қарай созбақтауға болмайды. Биылғы жылы жобаны аяқтауды барынша жеделдету қажет. Қала жобаның тәмамдалуын үшінші жыл күтуде. Бұл бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселе, - деді Жеңіс Қасымбек.

«АрселорМиттал Теміртау»АҚ бас директоры Биджу Наир барлық тексеруші органмен ынтымақтасатын болатынын айтты. 

Оқиғаның себептерін анықтау қажет. Біз жауаптымыз және шешім іздейміз. Сіз сондай-ақ ЖЭО-да персоналдың болуы және ұйымдық құрылым туралы айттыңыз. Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта бұл қайталанбауы керек екенін түсінемін. Біз жақсы жұмыс істеуіміз керек екеніне толық келісемін, бізге қала тұрғындары алдында жауапкершілік жүктелген, - деп сендірді ол.

Осы күннің соңына дейін теміртаулықтардың пәтерлеріндегі температураны қалыпқа келтіруге уәде берілді.

Өзгелердің жаңалығы