Астанада Digital Bridge 2025 форумы аясында Еуразиядағы ең ірі стартап-байқау — Astana Hub Battle 2025 финалы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биылғы додаға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және өзге елдерден 80 стартап-жоба қатысып, өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынды. Іріктеу кезеңінен өткен 14 үздік команда финалға жолдама алды.
Бүгін олар форумның басты сахнасында бақ сынап, 125 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры үшін жарысады.
Ең қызығы — финалға қазылар алқасының құрамында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров болады. Бұл байқауға деген халықаралық назарды арттырып отыр.
Astana Hub Battle — жыл сайынғы дәстүрлі дода. Ол аймақтағы стартап-экожүйені дамытуға, инвесторлар мен жас кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайтуға бағытталған.