Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-1) Минскіде (Беларусь) өткен Brave CF 51 турнирінде өнер көрсетті және өзінің кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол жеңіліп көрмеген Денис Магермен (8-0) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Магер Сағынтайды күтпеген апперкотпен нокаутқа жіберді.Ринат Сағынтай үшін бұл Brave CF промоушніндегі дебюттік жекпе-жек болды.
25 жастағы қазақстандықтың мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Ол 2016 жылдан бастап жекпе-жекке шыға бастаған болатын.