Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне дайын екенін айтты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Шваб&nbsp;(7-0) келесі жекпе-жегіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Бұл туралы&nbsp;Prosports.kz хабарлады.&nbsp;</h4> <br> <br>

 9 Қазан 2021 2021, 13:53
9 Қазан 2021 2021, 13:53
1686

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Шваб (7-0) келесі жекпе-жегіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады. 

27 жастағы жерлесіміз инстаграм парақшасында жазба қалдырды.

16 қазанда жекпе-жек. Мен дайынмын, - деп жазды ол.

Отандасымыз 16 қазанда Американың Клируотер қаласында (Флорида штаты) шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін Майамиде өткізген. 10 шілдеде ол америкалық Рондейл Хаббертты төрешілер шешімімен жеңді.

Наверх