"Жеңілдім": Германия канцлері сайлау нәтижесін мойындады

Бүгiн, 05:18
253
Бөлісу:
"Жеңілдім": Германия канцлері сайлау нәтижесін мойындады
Фото: Nadja Wohlleben / Reuters

Германияның канцлері Олаф Шольц сайлауда жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА-Новости таратқан ақпаратқа сәйкес, осылайша, ол Социал-демократиялық партияның бундестаг сайлауында жеңілгенін мәлімдеді.

Бұл – Социал-демократиялық партия үшін сайлаудағы ащы жеңіліс. Бұл жолы сайлау нәтижесі жаман, сондықтан мен сайлаудың бұл нәтижесі үшін жауапкершілік арқалаймын. Бұл жерде ең алдымен Христиан-демократиялық одақты (ХДО) құттықтағым келеді, - деп ағынан жарылды ол.

Еxit poll деректеріне сәйкес, елдің Социал-демократиялық партиясы 16,4 пайыз дауыспен үшінші орынға табан тіреген. Ал ХДО 28,7 пайызбен бундестаг сайлауында жеңіске жетті. Екінші орынды "Германия үшін балама" 19,8 пайызбен иеленді.

Өзгелердің жаңалығы