Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жеңілдетілген режим жойылды: 1 қаңтардан бастап бизнесті қалай жабуға болады

Жансая ҚАМБАР
5 Қаңтар 2026, 15:18
596
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
Фото: BAQ.KZ коллажы

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі өзгерді. Бұрын қолданылып келген кейбір арнайы салық режимдері алынып тасталды, ал олардың орнына тек үш режим қалды. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтіндер үшін және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім еткендей, маңыздысы – бұрынғы жеңілдетілген декларация, тіркелген шегерім және бөлшек салық режимдері енді қолданылмайды. Яғни осы режимдермен жұмыс істеп келген кәсіпкерлер 2026 жылдан бастап олар бойынша салық есептілігін тапсыра алмайды.

Бұл өзгеріс әсіресе 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында өз қызметін жабуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге қатысты. Егер олар қызметін осы кезеңде тоқтатса, бұрынғы режимдер бойынша салық есептерін тапсыру мүмкін болмайтынын ескеруі керек.

Қысқасы, кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексіндегі қолданыста қалған режимдерді қарап, өз қызметін соған бейімдеу немесе қызметін тоқтату мерзімін дұрыс жоспарлау қажет. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық төлеушілерге қызметті дұрыс аяқтау үшін:

  1. Салық есептілігін ұсыну

2025 жылғы 4 тоқсанға немесе 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа (режимге байланысты) “кезекті” түрінің белгісі бар декларация тапсыру;

2. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада 2-бөлімде келесіні белгілеу:

- ауысу туралы

А Оңайлатылған декларация негізінде АСР” немесе “С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп”;

- себебі

А ерікті түрде шешім қабылдау”.

Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі;

3. Қызметті тоқтату рәсімін жүзеге асыру, атап айтқанда:

- қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;

- 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы тарату салық есептілігін ЖД АСР үшін ұсыну (910.00-нысан) немесе жалпы белгіленген тәртіпті қолдану кезінде 2026 жылдың 1 тоқсанына (2026 жыл үшін) салық есептілігін ұсынсын;

- қажет болған жағдайда-қызметті тоқтату үшін басқа да тиісті құжаттарды ұсыну керек.

Салық салудың қолданылатын режимі туралы уақтылы берілген хабарлама болмаған жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайды. Бұл жағдайда жүйе төмендегідей хабарлама береді:

"Қызметті тоқтату үшін "А. ерікті түрде шешім қабылдау" себебі бойынша "А. жеңілдетілген декларация негізінде АСР" немесе "С. жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке" деген 2-бөлімде белгісі бар қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беру қажет. Осыдан кейін сіз қызметті тоқтатуға құқығыңыз бар".

Өзгелердің жаңалығы