Жеңілдетілген автонесие. Өтініш беру басталмай жатып бітіп қалды

Жеңілдетілген автонесиеге autonesie.kz сайты арқылы өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 6 Ақпан 2023 2023, 10:27
6 Ақпан 2023 2023, 10:27
2822

Жеңілдетілген автонесиеге autonesie.kz сайты арқылы өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында өтініштер қабылдана бастады. Алайда бағдарламаға қатысушылардың көптігінен өтініш беру 10-14 минуттан кейін тоқтатылды.

Платформада өтініш қалдыратын батырманы басқанда былай деп шығады.

Өтінім қабылдандабы. Автокөлік өндірушісіне қаржыландырудың еркін лимитінің болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінім қабылдаудың іске қосылуын күтіңіз, - делінген сайттың хабарламасында.

Наверх