Жеңілдетілген автокредит: Автосалондардың 30 пайыз төлемді алдын ала талап етуі заңды ма?

Жеңілдетілген автокредитпен жұмыс істейтін автосалондардың азаматтардан 30 пайыз алдын ала төлем талап етуі қаншалықты заңды? Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 Желтоқсан 2022 2022, 12:45
 14 Желтоқсан 2022 2022, 12:45
14 Желтоқсан 2022 2022, 12:45
1462

Жеңілдетілген автокредитпен жұмыс істейтін автосалондардың азаматтардан 30 пайыз алдын ала төлем  талап етуі қаншалықты заңды? Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз қазір оның заңды не заңсыз екенін тексеріп жатырмыз. Автосалондар жеке меншікте. Олар өз бизнесін өздері құрады. Бірақ мемлекет бөлген қаражат бойынша олардың бұлай істеуге ешқандай құқығы жоқ. Біз қазір бүкіл автосалон иелеріне ақпарат бердік. Олар мұндай талап қойылғанын үзілді-кесілді теріске шығарып отыр, - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев.

Наверх