Қазақстанда жеңіл су туралы алғаш рет зерттеу жүргізілді

17 Қыркүйек 2019, 11:50
4238
Бөлісу:
Қазақстанда жеңіл су туралы алғаш рет зерттеу жүргізілді
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде жеңіл судың адам өміріне және функционалдық резервтеріне әсері туралы алғашқы ғылыми зерттеу жүргізілді. Зерттеуге қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов қатысты.

WhatsApp Image 2019-09-17 at 11.49.05.jpeg

Әлемдік ғылым бойынша жеңіл суды зерттеу салыстырмалы түрде жақында басталды (60 жылдан аспайды). Толық клиникалық сынақтар Венгриядағы, Америкадағы, Украинадағы және Ресейдегі ғылыми-зерттеу институттарындағы онкологиялық клиникаларда жүргізілген. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін жеңіл суды зерттеу жүргізілмеген.

Табиғатта жеңіл су – сирек кездесетін құбылыс. Ғылыми және медициналық мақсаттарда ол жасанды түрде зертханаларда шығарылады. 

Жеңіл су туралы алғашқы қазақстандық зерттеуді академик Ерболат Дәленов пен «Азия су қоймасы» ғылыми директоры, академик Евгений Пятовтың жетекшілігімен Астана медицина университеті, Қазақ тамақтану академиясының тамақтану мәселелері институты жасады. Ұлттық ғылыми-зерттеу Томск политехникалық университетінің, Кубань мемлекеттік университетінің және Кубань мемлекеттік медицина университетінің (Ресей) қатысуымен өткізілді.

Asia waters ғылыми қызметінің гидрологі Евгений Пятковтың айтуынша, қазір тұщы суға қажеттілік артқан.

WhatsApp Image 2019-09-17 at 11.48.06.jpeg

«Көкшетау қойнауынан өндірілетін тұщы судың ерекшелігін атап өткім келеді. Су экологиялық таза жерден, 100 метр тереңдіктен ұңғыма арқылы шығады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда толыққанды, оны адам ішкен кезде жүрек, бүйрек, асқазан органдарының жұмысын жақсартады. Тұщы суды біз минералды су деп атаймыз. Жер қойнауынан өндірілетін барлық су минералды деген атауға ие болады», - деді ол.

Маман толыққанды су деп адам ағзасына қажетті барлық концентратты заттарды қамтитын суды атады.

«Судың құрамында кальций, магний, йод, фтор сияқты микро-макро элементтер бар. Су адам ағзасына түскенде биохимиялық процесті жеңілдетеді. Қазір суды тазартудың бірнеше сатыдан тұратын үрдісі жүзеге асырылады. Мұндай су шөліңді қандырғаннан басқа ештеңеге көмектекпейді. Оның пайдасы аз.Тазартылған суды қолдана отырып, біз организмдегі маңызды элементерді шайып, ауруға да шалдықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, жер шарының үстіңгі қабатындағы барлық мұздық – таза су. Бірақ тұщы су емес. Оны қолданудың алдында тұз қосу қажет. Ал, физиологиялық таза судың көздерін табу керек», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Көкшетаудан өндірілетін судың құрамында төмен дейтерия болады деді. 

WhatsApp Image 2019-09-17 at 11.49.07.jpeg

«Солтүстік өңірлерде қар мен судың таза болатыны белгілі. Қазақстанның да солтүстік өңірінде тұщы су баршылық. Ал, оңтүстік өңірлерде су ауырлау. Сонымен қатар, адам ағзасына беретін пайдасы аз. Тұщы су обаның алдын алуға да көмектеседі. Бұл су ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді» - дед ол.

Ғалымдардың қорытындысына сүйенсек, жеңіл судың адам ағзасына емдік әсері бар екені белгілі - ол иммунитетті жақсартады, радиациядан қорғайды, метаболизмді жақсартады, организмнен токсиндерді шығарып, қартаю процесін баяулатады. Бүгінде жеңіл су ғарышқа ұшқаннан кейін ғарышкерлерді қалпына келтіру үшін белсенді қолданылады. Сондықтан жеңіл су «ғарышкерлер суы» деп те аталады.

Өзгелердің жаңалығы