Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау ұсынылды

Бүгiн, 17:13
123
Бөлісу:
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау ұсынылды
Фото: BAQ.KZ архив

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу үшін реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің көлеңкелі айналымына қарсы күреске бағытталған, бүгінгі таңда заңсыз тауар айналымы контрафактілік және контрабандалық өнімдердің жаппай әкелінуіне байланысты жалпы тауар санының 59%-ын (немесе 925,5 млрд. теңге) құрап отыр. Бүгінгі таңда контрафакт саладағы үлесі небәрі 8%-ды ғана құрайтын жергілікті өндіріске қауіп төндіруде.

Таңбалау жүйесі екі кезеңмен енгізіледі: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда өндірілген немесе Қазақстанға әкелінген барлық жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалау басталады, ал 2027 жылғы 1 маусымнан бастап таңбаланбаған өнімдердің айналымына толығымен тыйым салынады.

Қазақстандағы аяқ киім мен жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жобасы жетекшісінің айтуынша, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау – нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге және бизнестің де, тұтынушылардың да құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі қадам.

Таңбалау көлеңкелі айналым мен контрафактіні азайтып қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанда және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдерінде әділ бәсекелестікке жағдай жасап, отандық өндірушілер мен ҚР экспорттаушыларының позициясын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл ел болашағына салынған инвестиция, мұнда әр тауарға заңды мәртебе беріледі, ал ел экономикасы тұрақты және бәсекеге қабілетті болады, – деді жоба жетекшісі Ерлан Қарабаев.

Жаңа шаралар әрбір тауардың жолын қадағалап, жеткізу тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және көлеңкелі айналымды азайтуға мүмкіндік береді. Таңбалауды енгізу жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, нарықты әлдеқайда адал етеді деп болжануда. Үкімет таңбалау енгізілгеннен кейін осы санаттағы тауарлардың бағасы орта есеппен 10%-ға төмендейді деп санайды.

Бизнес үшін бұл процестерді оңтайландыру және шығындарды азайту мүмкіндігі, ал тұтынушылар үшін – жоғары сапалы өнімдерге қолжетімділік. Сондай-ақ, таңбалау жүйесі қазақстандық тауарлардың экспортын қолдайтын ЕАЭО елдерінің ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі.

Ұзақмерзімді болжамдар бойынша бастама тек экономикалық емес, әлеуметтік әсерді де болжайды: жұмыспен қамту деңгейін арттыру және халықтың әл-ауқатына жағымды әсер ету.

Өзгелердің жаңалығы