Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды

13 Қыркүйек 2025, 14:46
656
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Жапонияның Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметіне сүйенсек, алғашқы жүлделер 35 шақырымдық спорттық жүрісте сарапқа салынды.

Әйелдер арасында бұл бағдарламада ел намысын екі спортшымыз қорғады. Полина Репина 35-орынға ие болды. Галина Якушева қашықтықты аяқтай алмады.

Испаниялық Мария Перес жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Антонелла Пальмизано иеленсе, Эквадор спортшысы Паула Торрес қола медальға қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы