Жеңіл атлетика федерациясының президенті тағы 4 жылға сайланды
Жеңіл атлетика федерациясының президенті тағы 4 жылға сайланды
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Катар астанасы Доха қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) президенті сайлауы өтті. Осыған басқарған Себастьян Коэ тағы 4 жылға сайланды.</h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Катар астанасы Доха қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) президенті сайлауы өтті. Осыған басқарған Себастьян Коэ тағы 4 жылға сайланды.
Бүгін Дохада IAAF-тың 52 Конгресі өтті. Химена Рестрепо, Сергей Бубка, Джеффри Гарднер және Наваф бен Мохаммед әл Сауд аталған ұйымның вице-президенті қызметін атқармақ. 1992 жылы Барселона Олимпиадасында қола жүлдегер атанған колумбиялық Симена Рестрепо вице-президент болып сайланған алғашқы әйел атанды.
Жалпы, Конгресске 203 адам қатысып, барлығы да Себастьян Коэға дауыс берді. Сондай-ақ IAAF-тың кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Олар:
Айта кетейік, Себастьян Коэ өзінің спорттық мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Екі рет 1500 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы атанды. 1979 жылы Track & Field News журналы әлемнің ең үздік спортшысы деп таныды.
Спорттық карьерасын аяқтаған соң,саясатпен айналысты. 1992-1997 жылдар аралығында Англия парламентінде Корнуолл өкілдігінің мүшесі болды, 2000 жылдан бастап, мәңгілік пэр атанды. Британ империясының рыцарь командирі. С.Коэ 62 жаста.