Жеңіл атлет Полина Иванова Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Әйелдер арасындағы сырықпен секіру сайысының финалында Иванова 4,15 метр биіктікті бағындырды.

 olympic.kz 26 Қыркүйек 2026, 02:42
26 Қыркүйек 2026, 02:42
169
Фото: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Полина Иванова Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасындағы сырықпен секіру сайысының финалында Иванова 4,15 метр биіктікті бағындырды. Үндістандық Бараника Элангован да дәл осындай нәтиже көрсетті. Екі спортшы үшінші орынға жайғасты.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыста жапониялық Мисаки Морота 4,55 метр биіктікті бағындырып, жеңімпаз атанды. Қытайлық Ню Чунгэ 4,50 метр нәтижесімен екінші орын алды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Анна Черкашина 4,00 метр нәтижесімен жетінші орынға ие болды.

Наверх