Женевадағы Ресей – Украина келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Алдағы аптада тараптар жаңа кездесулерді өткізуді жоспарлап отыр.

 Reuters 19 Ақпан 2026, 01:29
19 Ақпан 2026, 01:29
875
Фото: Reuters

Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өткен үшжақты келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Кездесу сейсенбі күні кешке басталып, сәрсенбіде тек екі сағатқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

АҚШ арнайы өкілі Стив Уиткофф келіссөздерге оптимистік тұрғыдан қарағанымен, Ресей мен Украина тараптары кездесулерді «қиын» деп бағалады. Кремль өкілі Владимир Мединский Украинаның делегациясымен жеке кездесу өткізгенімен, оның егжей-тегжейлері жария етілген жоқ.

Украиналық дипломаттар келіссөздер барысында әскери мәселелерде белгілі бір прогреске қол жеткізілгенін хабарлады. Алайда аумақтық мәселелер бойынша позициялар әртүрлі болғандықтан толық келісімге келу мүмкін болмады. Мәскеу Донбасстың шығыс аймағын бақылауды талап етсе, Киев бұл талапты қабылдамайды.

Соғысты тоқтату үшін дипломатиялық күш-жігерді басқарып отырған АҚШ президенті Дональд Трамп екі тарап арасындағы тығырыққа байланысты шыдамсыздық танытатынын мәлімдеді.

Женева кездесулерінің аяқталуымен Украина мен Ресей арасындағы жанжалды шешу жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Алдағы аптада тараптар жаңа кездесулерді өткізуді жоспарлап отыр.

Наверх