Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Женевада Украина бойынша келіссөздер басталды

23 Қараша 2025, 19:10
278
Бөлісу:
 Reuters
Фото: Reuters

Швейцария астанасында Ұлыбритания, Франция, Германия, Украина және АҚШ өкілдері Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу мүмкіндіктеріне қатысты келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Украина Президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак украин делегациясы Женевада жұмысқа кіріскенін мәлімдеді.

Ұлыбритания, Франция және Германия лидерлерінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері: Джонатан Пауэлл, Эммануэль Бонн және Гюнтер Зауттермен алғашқы кездесуді өткіздім, - деп жазды Ермак Telegram-арнасында.

Бұған дейін еуропалық басылымдар Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің әкімшілігін басқаратын Бьорн Зайберт Еуроодақ делегациясын таныстыруы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы