Женевада Қазақстан СІМ басшысы екіжақты кездесулер өткізді

25 Ақпан 2020, 15:01
1611
Бөлісу:
Женевада Қазақстан СІМ басшысы екіжақты кездесулер өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысының аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың маусымында Нұр-Сұлтандағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының дайындық барысын талқылады. Тұрақты және болжамды халықаралық сауда жүйесін құру және ДСҰ реформалау контекстінде форумның жоғары өзектілігі, сондай-ақ министрлік форум қарсаңында өткізілетін ДСҰ мәселелері бойынша парламенттік конференцияның маңыздылығы атап өтілді.

Встреча с главой ВТО Р (2).JPG

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валоваямен өткен кездесуде сұхбаттасушылар Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастығын жандандыру перспективалары туралы пікір алмасты.

Гендиректор ООН в Женеве Т.Валовая.JPG

М. Тілеуберді екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Швейцария мен Финляндия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Игнацио Кассис және Пекка Хаавистомен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы