Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жемқорлықты әшкерелеген 61 азаматқа 24 миллион теңгеден астам сыйақы берілді

Бүгiн, 02:32
281
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитет мәліметінше, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа барған 895 адамның заңсыз әрекеті әшкереленіп, тоқтатылған. Аталған деректер бойынша 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы тергеліп аяқталған. Ал 860 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқырумен байланысты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Сонымен қатар құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.

Өзгелердің жаңалығы