Жемқорлыққа қатысы бар шенеуніктерді тергеу басталды – Антикор

Бөлісу:
Жемқорлыққа қатысы бар шенеуніктерді тергеу басталды – Антикор

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлытау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Мұтаев пен оның орынбасары Ақбаян Сексенбаеваға қатысты жемқорлыққа байланысты тергеу басталғанын растады, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Мұтаевтың сыйақыларды заңсыз алғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 7,5 миллион теңгені жымқырған.

Өзгелердің жаңалығы