Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жемқорлық жоқ". Нартай Аралбайұлы Берденовпен келіспеді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
6 Наурыз 2025, 09:29
1577
Бөлісу:
 Мәжіліс
VIDEO
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, бұрынғы депутат Руслан Берденовтің жемқорлыққа қатысты айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол әр азаматтың субъективті пікірі болатынын айта отырып, әріптесінің ойы дұрыс не бұрыс екеніне баға бергісі келмейтінін жеткізді.

Дегенмен бізде қай салада болмасын, тіпті азаматтарымыздың, сіз бен біздің өмірімізде, бала-шағамыздың құқығына тікелей әсер ететін білім, медицина салаларында да жемқорлықтың болып жатқанын көріп отырмыз. Қаншама лауазымды адамдар ұсталып жатыр, - деді Аралбайұлы.

Ол елде жемқорлық жоқ деп айта алмады.

(Жемқорлық – ред.) барлық салада жойылды деп айта алмаймын. "Құрылыс саласында жойылды ма?" менен тікелей сұрасаңыз, "жойылды" деп айта алмаймын, - деп ойын айтты депутат.

Еске сала кетейік, жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған экс-депутат Руслан Берденов жемқорлыққа қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

Өзгелердің жаңалығы